Маңғыстау облыстық ҚАЖ департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі қызметкерлер арасында әлеуметтік-құқықтық тексеру бойынша сабақ өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қызметкерлер қазіргі уақытта ІІО-да енгізіліп жатқан "интегрити чек" сыбайлас жемқорлық орнықтылығын тексерулер әдісі туралы білді.
- Қазіргі уақытта "Integrity Check" сыбайлас жемқорлық орнықтылығын тексерудің жаңа түрі енгізілді. Мұндай тексеру бойынша теріс нәтиже дереу жұмыстан шығаруды білдіреді, - деп түсіндірді ҚР Өңірлік агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Нұргүл Мұқатай.
Сондай-ақ, Н.Мұқатай сыбайлас жемқорлық ұсынысын алғаннан кейін мемлекеттік қызметшілер бұл туралы өз басшысына дереу хабарлауы тиіс екенін айтты.
- Егер сіз мұны істеген болсаңыз, ол туралы хабарлаған болсаңыз және парасаттылықты тексеру сіздің мемлекеттік органда жүргізілсе, сіз тексеруден өттіңіз. Егер сіз отырып, алғыс айтуды күткен болсаңыз, демек сіз адалдық сынағынан өте алмадыңыз, - деп түсіндірді Антикор қызметкері.